Сепаратизм

Белгілі бір облыс не аймақтың тәуелсіздік және автономия мәртебесін алу үшін мемлекет құрамынан шығуға тырысуы.  




Сепаратизмге мыналар себеп болуы мүмкін:


— мемлекетте этникалық/діни азшылықтардың құқықтарының сақталмауы;


— ресми мемлекеттік биліктің саясатымен келіспеу;


— «тарихи әділдікті» орнатуға ниеттену. 


Әр түрлі себептермен мемлекеттен шығып кеткен не шыққысы келетін өңірлер: Донецк және Луганск Халық республикалары (Украинадан бөлініп шыққан, тәуелсіздігі мойындалмаған елдер), Приднестровье (Молдова), Каталония (Испания), Шотландия (Ұлыбритания), Солтүстік Кипр (Кипр).


Қазір көп елде сепаратизм қылмыс болып есептеледі. Қазақстан Қылмыстық кодексінің 180 бабында: «Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуды не мемлекетті ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты осындай мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында дайындау, сақтау немесе тарату 1–5 мың АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады» делінген.


Егер адам сепаратизді қызмет бабын асыра қолданып, қоғамдық бірлестік лидері ретінде немесе БАҚ арқылы насихаттаса; қылмыстық топ ұйымдастырып, алдын ала сөз байласу арқылы не шетелдік ұйымдардың қаражатын пайдалана отырып сепаристік әрекет жасаса, онда ол 5–10 жылға бас бостандығынан айырылады.




12/11/2020 15:14 6610 0

12/11/2020
15:14 6610 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление